Қазақстан азаматтары АҚШ президентінен Қытайда қамалған Қазақтарға араша сұрады.

- АТАЖҰРТ ЕРІКТІЛЕРІ

Хабарлама  4,853 Қаралым жаңартылған 2 айлар бұрын

Қазақстан азаматтары АҚШ президентінен Қытайда қамалған Қазақтарға араша сұрады.


Бүгін, 21.09.2018ж күні, Алматы қаласында тағыда Қытайдың Нылқы ауданында жазықсыз Концлагерлерге қамалған қандастарымыздың туыстары БАСПАСӨЗ МАСЛИХАТЫН өткізді.

Баспасөзге қатысқандар Қытайдағы туыстарын Қытай үкіметінің себепсіз саяси үйрену деп аталатын Түрмеге қамап отырғанын айтып, ҚР Елбасынан, ҚР сыртқы істер министрлігінен, БҰҰ-нан жəне АҚШ президентінен КӨМЕК сұрады.


Бұл баспасөзді ұйымдастырушылар мына ісімен ерекше болды: 

Баспасөз соңында жиналғандар Алматы қаласынлағы АҚШ елшілігіне барып арыз-армандарын айтып, АҚШ президентінен Қытайдағы қандастарды шығаруға КӨМЕК сұрады. АҚШ елшілігінің өкілі Charles J.Perego мырза өзі шығып, келгендерді жылы қабылдап, жиналғандардан 5 адамды кеңсесінде қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады.


Қытайдағы жағдайды "дипломатиялық жолмен шешеміз" дейтін ЖАЛҒАН, АРСЫЗ ДИПЛОМАТИЯНЫ ұстанатын Қытай елшілігі осыған дейін арызданып барған қалықты елең құрлы көрмей, шығып сөйлесуге беттері жоқ, қабылдамай келген еді, тіпті Қытайдан ДЕЛЕГАЦИЯ келіп халықтың арыз-шағымын тыңдайды деген ЖАЛҒАН ЖАРЫЛҚАУШЫ ДЕЛЕГАЦИЯ да "халықтан қашып" Алматының əсем ресторандарында күліп-ойнап, тойған соң еліне тайып тұрған еді. (оларды халықтан алып қашып, дастархан жайғанда сол Қытайдан келген, Шахановша айтқанда ЖЕПОЛАМАТТАР еді.)




Қытай елшілігінен екі жылдан бері ЖАУАП аламаған халық, нағыз демакратияның туы болған АҚШ елінің елшілігіне жүгініпті. АҚШ елшілігі келгендерді "ол Қытайдың ішкі ісі, біздің қатысымыз жоқ"- демей, келгендерден ТЫҒЫЛМАЙ, ҚАШПАЙ оларды АДАИ ҚҰҚЫҒЫ тұрғысынан дылы қабылдапты. Сол үшінде АҚШ елшілігіне барша қандастар атынан рақымет айтамыз.


- АТАЖҰРТ ЕРІКТІЛЕРІ


Сенің реакцияң?

0
Ішегім-ай
1
Ұнады
0
Шындық
1
Мәссаған!
1
Көңілді
0
Нәшар!
0
Қырт
0
Сұмдық-ай!
0
Ашулы
0 Пікір

  • Қазақстан азаматтары АҚШ президентінен Қытайда қамалған Қазақтарға араша сұрады.
  • Atajurt