Қазақстанға Қытай инвестициясынан қорқу керек

Қазақстанға Қытай инвестициясынан қорқу керек

Хабарлама  4,810 Қаралым жаңартылған 2 айлар бұрын

Қытай елінің төрағасы Си Цзиньпин «Бір белдеу - бір жол» атты Жібек жолын дамыту идеясын ұсынғалы бері Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық қарым-қатынас тереңге бойлап барады. Қазірде Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 25 пайызын Қытай компаниялары өндіріп жатыр. Қытаймен бірге жұмыс істеген жылдар аралығында Қазақстан арқылы Қытайға 100 млн тонна мұнай, 180 млн шаршы метр газ жіберілген. Кеден қызметінің мәліметі бойынша тауар алмасу 46 пайызға өскен. Қытай тікелей шетелдік инвестиция, берілген несиелер, және ортақ бірлескен кәсіпорындар құру барысында Қазақстанның негізгі серіктесі. Ал енді бұл қауіп пе, әлде жақсылықтың нышаны ма? Жалпы, Қытай инвестициясынан қорқу керек пе?! 


Осы уақытқа дейін Қытай Қазақстанның экономикасын жандандыру үшін 42,8  млрд  доллар инвестиция құйып, 50 млрд доллар несие берген. Қазір Қазақстанда Қытаймен біріккен 2700 ден астам ірілі-ұсақты компания жұмыс істейді.  Енді болашақта Қазақстан мен Қытай қаржылық құны 28 млрд долларды құрайтын тағы 51 кәсіпорынды бірлесіп құрғалы отыр. 


Негізінен Қытай инвестициясы бұған дейін  мұнай газ саласына, метал өндіруге, логистика саласына, энергетика саласына құйылып келді. Ал 2016 жылдан бері Қытай компаниялары еліміздің ауыл шаруашылығы саласына да инвестиция құя бастады. Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында мал бордақылау, мал өсіру, агро-өнім алуға қатысты Қытаймен бірлесіп 19 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобаның құны 1 млрд 735 мың долларды құрайды. 


Экономика ғылымының докторы, профессор Жұмаділда Баяхметовтың айтуынша, Қытай қаржы береді деп есікті айқара ашып қоюдың өзіндік қауіпті тұстары да бар. Сондықтан болашақта елдегі Қытаймен бірлескен компанияларға мемлекеттік бақылауды күшейткен абзал. 


«Қытай өте пысық халық. Олардың жерді игеруге келгенде алдына жан салмайтын еңбекқорлығы бар. Қытайдың халқы жердің жоқтығынан үйлерінің төбесіне егін егіп содан өнім алып отырған халық. Ал олар үшін Қазақстанның кең байтақ жері көзінің құрты. Сондықтан елімізге енген Қытай кәсіпкерлері Қазақстанның алып жерін игеру үшін күшін салады. Міне осыдан қорқу керек. Қазақтың жерінің байлығының арқасында талайлар көк қағазды айналымға салып, байлыққа кенеліп жатыр ғой.  Сондықтан Қытай компаниялармен бірлескенде бақылау пакетінің басым бөлігі Қазақстан тарапында болуы керек. Үкімет осыған қатты назар аударуы тиіс. Мәселен, мұнай өндіруге қатысты компания құрылса оның 80 пайыз бақылау пакеті Қазақстандікі ал қ қалған 20 пайызы Қытайдікі болса де жеткілікті. Осылайша бақылау пакетінің басым бөлігін өзімізге алу арқылы таразы басын ұстап тұруға болады. Бірақ әттеген-айы, қайсыбір компанияларда Қытайдан келген мамандар біздің отандық мамандардан жоғары жалақы алады. Тура сондай жұмыс істейтін қазақстандық маман 200 мың алса, тура сондай жұмыс атқаратын Қытайдан келген менеджер 400 мың алатын жағдайлар жиі кездеседі. Міне, мұның барлығына мемлекеттік бақылау болуы керек. Олай етпесек күні ертең Қытай инвестициясы бізге үлкен қауіп төндіру де мүмкін»,-дейді экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметов. 


qazaquni.kz 2.jpg


Фото: qazaquni.kz


Экономист-ғалымның пайымдауынша, сырттан келетін инвестицияның көмегіне жүгіну әлемдік тәжірибеде бар дүние. Әйтсе де шетелдік инвестицияның көлеңкелі жақтары барын ұмытпаған жөн. Көшпелі инвестицияға жүгінген Ресей экономикасын мысал еткен маман, сырттан келетін инвестицияға иек арта берсек, өмір бойы біреудің соңынан жүретінімізді алға тартты.


«Ресей экономикасын алсақ, былтыр Ресейден 151,5 млрд доллар сыртқа қашты. Ресейде қалыптасқан экономикалық қиындықтан кейін шетелдік инвесторлар Ресейден қаржыларын әкете бастады. Сол тәрізді ертең Қазақстан экономикасы дағдара бастаса, бізді шетелдіктер сақтап қала алмайды. Экономикамызды сақтап қалатын сол отандық өндіріс, отандық өнім екенін ұмытпағанымыз жөн»,-дейді ғалым Жұмаділда Баяхметов. Жоғарыда айтқанымыздай Қытай инвестициясы негізінен мұнай-газ, тау-кен, энергетика саласын игеруге салынып келеді. Қазір Қазақстанда: 


•«PetroKazakhstan Inc» мұнай компаниясы;


•«Қаражанбас»-CITIC мұнай компаниясы;


•Каспий аумағындағы мұнай компаниясы


•Павлодар алюмений зауыты 


•Теміржол саласына инвестиция салу


•Ирколь мен Казатомпром


•Мойнақ ТЭЦ пен Атасу – Алашанькоу


•Казтрансойл мен СNODC


•Газпровод және Бейнеу-


•CNPC-Ақтөбемұнайгаз


•Казтрансгаз және Trans-Asia тәрізді ірі компаниялар Қытаймен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Бұған қатысты экномист-ғалым Бейсенбек Зиябеков ұлттық экономиканы дамыту үшін ұлттық компаниялардың үлесі басым болағаны жөн екенін айтып отыр. 


«Әр елдің экономикасы дамуы үшін ұлттық экономикасы күш алып отыруы керек. Ол үшін әрине біздегі әр салада отандық сауатты мамандар жасақталуы тиіс. Біздегі банк саласы болсын, агро сала, мұнай-газ, барлық салалар сауатты менеджерлерден құралуы керек.  Банк саласында сауатты мамандардың жасақталмауы біздің банктерді қандай күйге түсірді?!  Біздегі банктер сырттан қарыз алып, оны халыққа жоғары несиемен беруді жақсы меңгерді. Соңында қарапайым халыққа салмақ түсіп, несиелерді қайтара алмай жағымсыз несиелер портьфелі көбейді. Сол тәрізді сырттан инвесторларды тарту кезінде де өте сауатты болу керек. Қазақстанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Соған орай бізде олардан нақты-нақты талап ете білгеніміз жөн. Қазақ жерінің арқасында өздері де пайдаға батып отырғаннан кейін талаптарымызды орындауға олар міндетті»,-дейді экономист-ғалым Бейсенбек Зиябеков. 


Жалпы, мамандардың байыптауынша, сырттан келетін инвестиция бірінші кезекте өз мүддесін көксеп келеді. Олар алғашқы орынға өзінің бас пайдасын қояды. Сондықтан Қазақстан үшін болашақта шеттен келетін инвестицияға иек арта бергеннен гөрі,  өз байлығын өзі игерген ұтымды болмақ... 


Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА


 


Сенің реакцияң?

0
Ішегім-ай
0
Ұнады
0
Шындық
0
Мәссаған!
0
Көңілді
0
Нәшар!
0
Қырт
0
Сұмдық-ай!
0
Ашулы
0 Пікір