Германия үкіметі Сайрагүл Сауытбайға араша түсті.

Германия үкіметі Сайрагүл Сауытбайға араша түсті.

Хабарлама  4,920 Қаралым жаңартылған 2 айлар бұрын

Германия үкіметі Сайрагүл Сауытбайға араша түсті.


Германияда тұратын ұлт жанашыры Өмірхан Алтын, Қытайдан атажұрты Қазақстанға қашып өткен Сайрагүл Сауытбайға Германия үкіметінен өз алаңдаушылығын білдірген хат келгенін хабарлады.

Күйеуі мен екі баласы Қазақстан азаматы, өзін Қытай үкіметі ұзақ жылдар бойы отбасына жібермей отырған Сайрагүл Сауытбай ебін тауып, осы жылдың сәуір айында "Қазақстан-Қытай қорғас сауда орталығы" арқылы отанына, отбасына қашып өткен болатын. Бірақ осыдан бір ай өткенде Қазақстан шекара қызыметкерлері Сайрагүл Сауытбайды "шекарадан заңсыз өттің" деп ұстаған болатын, содан бастап ол Алматы облысы Талдықорған қаласы уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр.



Сайрагүл Сауытбайға шілденің 9 күні алғаш сот ашылып, оған Германиядан Өмірхан Алтын да қатысып қайтқан еді, осы сот басталар бұрын ол Неміс үкіметіне және Европадағы адам құқықтарын қорғау ұйымдарына хат жазып, Сайрагүл Сауытбайға араша сұраған еді.

Кеше Өмірхан Алтын ағамыз редакциямызға телефон соғып, өзіне Германия үкіметінің адам құқықтарын қорғак мекемесінің бастығы Baerbel Kofler ханым атынан хат келгенін хабарлады.



Шілденің 16 күні Өмірханға келген Бұл хатта "біз Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатты алаңдаймыз, бұл мәселе бізге тікелей қатысы болмаса да біз адам құқықтарын қорғау жағынан Қазақстандағы Германия елшілігіне тапсырма беріп, бұл мәселені жіті назарға аламыз, əрі алдағы уақытта тек Германия үкіметі ғана емес бүкіл Еуропа одағы аясында көтеретінін айтқан. Хат соңында, Қазақстан үкіметінің Қытайдағы этникалық Қазақтарды қорғап жатқанына және Қазақстан халқының бұл мәселеге қатты назар аударып жатқанына қарағанда, Қазақстан үкіметінің Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтармайтынына толық негіз бар" делінген хатта.



Естеріңізге сала кетейік Сайрагүл Сауытбайдың соты басталмас бұрын Өмірхан Алтын ағаның ақпараты негізінде Германиядағы тағы бір халықаралық ұйым Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа хат жазып, Сайрагүл Сауытбайға араша сұраған болатын.


Сенің реакцияң?

0
Ішегім-ай
0
Ұнады
0
Шындық
0
Мәссаған!
0
Көңілді
0
Нәшар!
0
Қырт
0
Сұмдық-ай!
0
Ашулы
0 Пікір

  • Германия үкіметі Сайрагүл Сауытбайға араша түсті.
  • Atajurt