АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті: АҚШ-қа келген қытай студенттері АҚШ-тың қауіпсіздігіне қатысты мұқият тексеруден өтеді

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті: АҚШ-қа келген қытай студенттері АҚШ-тың қауіпсіздігіне қатысты мұқият тексеруден өтеді

Хабарлама  5,571 Қаралым жаңартылған 2 айлар бұрын

АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің лауазымды тұлғасы ұлттық қауіпсіздік - виза беру-бермеу мәселесін шешуде маңызды өлшем болып табылады. Әрбір визаға өтініш беруші АҚШ-тың қауіпсіздігі үшін мұқият тексерілетін болады деді.


Бұдан Бұрын, Рейтердің (Reuters) хабарлауынша *Қытай студенттердің тыңшылықпен шұғылдану* ісіне барған сайын алаңдаушылықтың күшеюіне байланысты АҚШ президенті Трамп әкімшілігі Америкаға келетін Қытайлық студенттердің арғы тегіне (Қытайда өткен өміріне, тарихына) тексеру жасау керектігін, сондай-ақ жаңа шектеулер енгізуді ойластырып жатқанын айтқан болатын. 


АҚШ Мемлекеттік департаментінің лауазымды тұлғалары «Америка даусының» тілшісіне берген жауабында былай деді: «АҚШ - Америка Құрама Штаттарына ҚХР –дан келген барлық заңды саяхатшыларға және Амеркаға оқуға келген Қытай студенттерді қарсы алады. Бірақ, Америкаға келгісі келген әрбір адам (Қытай) Американың қауіпсіздігі үшін қатаң тексеруден өтеді. Америкаға келгеннен кейін де тексеріледі. Осылайша заңды, талапқа сай екендігіне көз жеткізіледі».  


АҚШ Мемлекеттік департамент қытайлық студенттер визасының қолданыстағы ең ұзақ жарамдылық мерзімі бес жыл екендігін, әрі ол тәртіп әлі де өзгерген жоқ деп мәлімдеді. 


Рейтер (Reuters): Трамп әкімшілігі, Қытай студенттерді Америкаға оқуға түсудің алдында тағы да тексеру керектігін, мұнда олардың телефондағы сөйлеген сөздерін, Қытайдағы және Америкадағы әлеуметтік желідегі парақшаларын (әлеуметтік медиа платформаларын) тексеру, олардың АҚШ –қа келудегі шынайы мақсатын анықтау, соның ішінде АҚШ үкіметтік орындардың қатысты бөлімшелеріне кіріп жұмысқа орналасудың қандай мақсаты бар екенін білу.


Рейтердің (Reuters) мәлімдеген бұл жаңалықтары – АҚШ-тың бір ресми билік өкілінен, үш конгрессменнен және бір университет өкілінен алынды. 


Осының алдында яғни, маусым айында АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті авиация, роботтар және жоғары технологиялық өндірісте оқитын Қытай студенттердің виза жарамдылық мерзімін бес жылдан бір жылға қысқартқан болатын. Жауапты адамның айтуынша мұндағы *басты мақсат АҚШ мемлекетінің қауіпсіздігіне саятын маңызды салаларда орын алатын Қытай студенттерінің шпиондық әрекеттері мен зияткерлік меншіктерді заңсыз ұрлау әрекетінің жолын кесу деді*. 


Қазіргі кезде қаралып жатқан Қытай студенттерді тексеру жаңа талаптарына ақ үй әлі түсініктеме берген жоқ. 


Аударған: Кенжебек Құдысұлы


Сілтемесі: https://www.voachinese.com/a/chinese-student-visa-2018-11-29/4680803.html


Сенің реакцияң?

8
Ішегім-ай
2
Ұнады
2
Шындық
1
Мәссаған!
6
Көңілді
0
Нәшар!
1
Қырт
0
Сұмдық-ай!
0
Ашулы
0 Пікір

  • АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті: АҚШ-қа келген қытай студенттері АҚШ-тың қауіпсіздігіне қатысты мұқият тексеруден өтеді
  • Atajurt